Месяц: Февраль 2026

Балабақшада төтенше жағдай кезіндегі эвакуацияға дайындық жұмыстары

Балабақшада төтенше жағдай кезіндегі эвакуацияға дайындық жұмыстары «Болашақ» ересек тобы мен «Айналайын» мектепалды топтарының тәрбиеленушілерімен жүргізілді, іс- шараның мақсаты — балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.Дайындық барысында балалар мен қызметкерлер эвакуациялау тәртібімен танысып, шығу жолдарын қайталады.Дабыл белгісі берілген кезде барлығы тәртіп сақтап, қауіпсіз аймаққа шықты.

Бөлісу/Поделиться:

“Адалдық дүкені” республикалық акциясына қатысты.

“Болашақ” ересек тобы“Заң мен тәртіп”идеологиясы аясында мектеп жасына дейінгі балалар арасында “Адалдық дүкені” республикалық акциясына қатысты. Бұл акцияның мақсаты-балалардың адалдық әділдік және өз әрекетіне жауапкершілік туралы алғашқы түсініктерін дамыту.

Бөлісу/Поделиться:

“200 мектеп & 4000 әке” челленджі аясындағы іс-шараға біздің балабақша белсенді түрде қатысты.

“200 мектеп & 4000 әке” челленджі аясындағы іс-шараға біздің балабақша белсенді түрде қатысты.Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәрбиеленушілердің бойында ұжымдық еңбекке деген оң көзқарас қалыптастыру және қоғамда әке мәртебесін арттыру.Осындай мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор іс-шараға белсене қатысып, қолдау білдірген барша әкелерге шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің белсенділіктеріңіз бен…
Читать дальше

Бөлісу/Поделиться:

“Брейн-ринг” байқауына балабақшамыздың тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі II орынға ие болды.

Жол жүру ережелері бойынша ұйымдастырылған қалалық “Брейн-ринг” байқауына балабақшамыздың тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі II орынға ие болды. Іс-шараның мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, жолда өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру және сақтыққа тәрбиелеу

Бөлісу/Поделиться:

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай балабақшамызда «Кітап-білім бұлағы» атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты-мектеп жасына дейінгі балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Бөлісу/Поделиться:

“Кітап-білім бұлағы” атты акция ұйымдастырылды.

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 14 ақпан-Халықаралық кітап сыйлау күніне орай балабақшамызда “Кітап-білім бұлағы” атты акция ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты- мектеп жасына дейінгі балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты ұқыпты ұстауға тәрбиелеу. Балалар мен ата-аналардың белсенді қатысуының арқасында акция жоғары деңгейде өтті. Алғысымыз шексіз!

Бөлісу/Поделиться:

«Кәусар жұлдыздары» атты ән байқауы өтті.

Балабақшамызда «Кәусар жұлдыздары» атты ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас бүлдіршіндердің бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, музыкалық есту қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін қолдау және сахнада өзін еркін сезінуге тәрбиелеу. Байқау барысында кішкентай өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мұндай игі бастамалар балалардың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді.

Бөлісу/Поделиться:

Халық ауыз әдебиеті – мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» тақырыбы аясында әдістемелік кеңес өткізілді.

«Халық ауыз әдебиеті – мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» тақырыбы аясында 2026 жылғы 6 ақпанда №3 әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңестің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу жолдарын қарастыру және педагогтердің іс-тәжірибесін жетілдіру. Қазақ тілі мұғалімі Ж.Р.Смагулова қолөнер арқылы ертегіні алжапқышқа орналастыру арқылы балалардың…
Читать дальше

Бөлісу/Поделиться: