«Шексіз әлем»
Ерекше білім беруді қажет ететін мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Шексіз әлем» мультистудия жобасының «Шебер қолдар» бағыты бойынша жүлдегері атанып, шығармашылық қабілеті мен еңбекқорлығын жоғары деңгейде танытқаны үшін дипломмен марапатталды.

«Білім айнасы»
«Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық басылымның редакциясы ұсынған, қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлы шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатындағы республикалық «Абай оқулары» конкурсында жүлделі орын алғандары үшін білімділігі мен шығармашылық қабілетін танытып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
«Ертегілер театры»
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Ертегілер театры» қалалық өнер байқауына қатысып, сахна мәдениетін, актерлік шеберлігін және шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.
«Білім айнасы»
«Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» жас суретшілерге арналған конкурсына шәкірттерін дайындап, олардың жүлделі орын алуына үлес қосқаны үшін жетекшілері кәсіби шеберлігі мен шығармашылық еңбегі жоғары бағаланып, құрмет грамотасы мен алғыс хатпен марапатталды.
«Білім айнасы»
«Білім айнасы» Республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған «Бояулар құпиясы» жас суретшілерге арналған конкурсына жүлделі орындар алғандары үшін шығармашылық қабілеті мен көркемдік шеберлігі жоғары бағаланып, марапатталды.
«Елорданың еркетайы»
«Елорданың еркетайы» байқауына қатысып, ІІ орынға ие болды. Өзінің өнерімен, сахна мәдениетімен және ерекше талантымен көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасына лайық болды. Белсенділігі мен шығармашылық қабілеті үшін дипломмен марапатталды.
Жол жұру ережесі қалалық сайыс 1- орын
20.02.2026
Брейн-ринг” байқауына балабақшамыздың тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі II орынға ие болды.
Жол жүру ережелері бойынша ұйымдастырылған қалалық “Брейн-ринг” байқауына балабақшамыздың тәрбиеленушілері қатысып, жүлделі II орынға ие болды. Іс-шараның мақсаты – балалардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыру, жолда өзін дұрыс ұстау дағдыларын қалыптастыру және сақтыққа тәрбиелеу.
Біздің бүлдіршіндер «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауына қатысып I-орынға иеленді! Бұл — балаларымыздың таланты мен еңбегінің, тәрбиешілеріміздің шеберлігінің және ата-аналарымыздың қолдауының арқасында келген жеңіс. Әрбір баланың жүрегіндегі өнерге деген сүйіспеншілікті оята білгеніміз — біз үшін үлкен мақтаныш! «Кәусар» балабақшасы әрқашан да балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың рухани байлығын арттыруға дайын. Алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жете береміз!»
«Каусар» балабақшасының дарынды балалары «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» байқауына қатысып, I-орынды иеленді! Бұл жетістік — балаларымыздың білімі мен өнерінің, тәрбиешілеріміздің еңбегінің жемісі.
