Халық ауыз әдебиеті – мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» тақырыбы аясында әдістемелік кеңес өткізілді.
«Халық ауыз әдебиеті – мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің негіздері» тақырыбы аясында 2026 жылғы 6 ақпанда №3 әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңестің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балаларды халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу жолдарын қарастыру және педагогтердің іс-тәжірибесін жетілдіру. Қазақ тілі мұғалімі Ж.Р.Смагулова қолөнер арқылы ертегіні алжапқышқа орналастыру арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға,қызығушылығын арттыруға және халық ауыз әдебиетін тиімді меңгертуге болатынын көрсетті. Практикалық жұмыс барысында бұл әдістің оқу-тәрбие процесінде қолдануға ыңғайлы әрі тірбиелік мәні зор екені атап өтілді.






