«Кәусар жұлдыздары» атты ән байқауы өтті.
Балабақшамызда «Кәусар жұлдыздары» атты ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас бүлдіршіндердің бойындағы өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру, музыкалық есту қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін қолдау және сахнада өзін еркін сезінуге тәрбиелеу. Байқау барысында кішкентай өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Мұндай игі бастамалар балалардың жан-жақты дамуына зор ықпал етеді.





