
Біздің балабақшада әр бала өзін қауіпсіз және жайлы сезіне отырып, сапалы білім алып, дамуға мүмкіндік алады. Мұнда педагогтар өз тәжірибесі мен шығармашылығын пайдаланып, әр баланың ерекшелігін ескеріп, жеке тәсілмен жұмыс істейді.Біз балалардың қадір-қасиетін сыйлаймыз және олардың даралығын дамытуға жағдай жасаймыз. Әр баланың қызығушылықтары, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын қалыптастырып, адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде толыққанды дамуына мүмкіндік береміз. Біздің балабақшада әр бала қамқорлыққа ие болып, тәрбиеленеді, білім алады және өз қабілеттерін жетілдіреді. Біз білім беру мен ойын арқылы балалардың шығармашылығын қолдап, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасаймыз. Сіздерді біздің балабақшамызда қарсы алып, бірге қуанышқа бөленуге әрдайым дайынбыз!
Қайыргалиева Балауса Толеугалиевна — меңгерушісі
