Жаңа оқу жылы – жаңа жоспарлар!
Балабақшамызда 2025–2026 оқу жылының алғашқы педагогикалық кеңесі өтті. Ұжым жаңа бастамалар мен маңызды міндеттерді талқылап, балалардың сапалы білім мен тәрбие алуына бағытталған жоспарлар құрды. Кеңес барысында педагогтар жаңа оқу жылына арналған мақсаттарымен бөлісіп, тәжірибелік ұсыныстар айтты. Алдағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдары қарастырылып, шығармашылық идеялар ортаға салынды.





