«№84 «Каусар» балабақшасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды заманауи білім беру технологиялары арқылы дамыту» тақырыбында педагогтерге арналған семинар өтті. Семинар барысында педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерімен және технологияларымен танысты.
«Кәусар» балабақшасы әр баланың денсаулығы үшін жауапкершілікті сезінеді. Осы мақсатта біз бракераждық комиссияның жұмысын ұйымдастырдық, онда ата-аналар асхананың жағдайымен танысып, тамақ дайындау процесін көрді. Бұл шара біздің аспазшыларымыздың кәсібилігіне және тағамдардың сапасына деген сенімді арттырды. Сіздің балаңыздың болашағы біз үшін маңызды! Біз бірге салауатты ұрпақ тәрбиелейміз!
2025 жылдың 26 ақпанында №84 «Кәусар» балабақшасында мектепалды топтар арасында балалардың жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында “Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік” атты өте қызықты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара балалардың жолдағы қауіпсіздік туралы білімдерін тереңдетіп, жол ережелерін сақтауға шақырады.
10.10.2024 күні біздің №84 «Кәусар» балабақшамызға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев келді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және қуанышты жағдай! Ғани Бейсембаев балабақшаның жұмысымен танысып, тәрбиеленушілермен кездесіп, педагогтармен пікір алмасты. «Кәусар» балабақшасының ұжымы балалар үшін жұмыс істеуде, олардың жан-жақты дамуына, даралық және шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға бар күшін салуда.
«Асыл Қазына — Ардақты Әжелердің Құрметіне!» «Біздің №84 «Кәусар» балабақшасында 01.10.2024 күні «Қарттарын қадірлеген, ел ардақты » атты жүрек тебірентерлік іс-шара өтті. Бұл күні біздің ардақты әжелеріміз қонақта болып, балалардың өнеріне шаттанды. Әрбір әженің көзінен мейірім шуағы төгіліп, жүздерінде қуаныш лебі есті. Бұл іс-шара ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, үлкенге құрмет көрсетудің маңыздылығын паш етті. Біз әжелерімізге…
Читать дальше