«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды заманауи білім беру технологиялары арқылы дамыту» тақырыбында педагогтерге арналған семинар өтті.

«№84 «Каусар» балабақшасында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды заманауи білім беру технологиялары арқылы дамыту» тақырыбында педагогтерге арналған семинар өтті. Семинар барысында педагогтер ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің жаңа әдістерімен және технологияларымен танысты.





