№84 «Кәусар» балабақшамызға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев келді.
10.10.2024 күні біздің №84 «Кәусар» балабақшамызға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев келді. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және қуанышты жағдай! Ғани Бейсембаев балабақшаның жұмысымен танысып, тәрбиеленушілермен кездесіп, педагогтармен пікір алмасты. «Кәусар» балабақшасының ұжымы балалар үшін жұмыс істеуде, олардың жан-жақты дамуына, даралық және шығармашылық дағдыларын қалыптастыруға бар күшін салуда.





