Республикалық тамыз конференциясы – 2025
Республикалық тамыз конференциясы – 2025 № 84 «Каусар» балабақшасы № 4 панельдік сессиясының жұмысына белсенді қатысты. Көрме алаңында өзіміздің әзірлемелеріміз ұсынылды:
• 🎯 Балалардың қазақ тіліндегі сөйлеуін дамытуға арналған «Кикус» тақырыбындағы ойындар.
• 💻 Электронды ойын және әдістемелік құрал.
• 🧩 Бірнеше бөліктен тұратын, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Салауатты ұрпақ» ойыны. Ұсынылған материалдар қатысушылар мен сарапшылардың жоғары қызығушылығын тудырып, тәрбиешілер мен ата-аналар үшін пайдалы құрал ретінде оң пікірлерге ие болды.





