БАСТЫ БЕТ / Би
Балабақшадағы би үйірмесі – балалардың эстетикалық талғамын, ырғақ сезімін және қимыл үйлесімділігін дамытуға бағытталған шығармашылық-сауықтыру жұмысының түрі. Би арқылы бала өз эмоциясын еркін білдіріп, сахналық мәдениетке бейімделеді.
Мақсаты: Балалардың музыканы сезінуін, қимыл-қозғалыс икемділігін дамыту және шығармашылық қабілетін арттыру.

Темиргалиева Аида Маликқызы
Би үйірмесінің жетекшісі. Менің кәсіби мақсатым – балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, сахна мәдениетін қалыптастыру.Би арқылы балалардың икемділігін, ырғақ сезімін және өзін-өзі сенімді ұстауын дамытамын. Әр қойылымда балалардың сахнада еркін әрі сенімді өнер көрсетуіне мән беремін.


