№84 «Кәусар» балабақшасындағы әрбір күн — балалардың жүрегіндегі жалынды оятып, олардың шығармашылық қабілеттерін ашуға бағытталған маңызды қадам. Біздің педагогтеріміздің жетістіктері осы жолда айқын көрінеді: олардың әрбір сабағы, әрбір ойыны балалардың дүниетанымын кеңейтіп, оларды өз мәдениетіміздің тереңіне бойлауға шақырады. Біздің мақсатымыз – әрбір баланың бойындағы жақсылықты көре білу және олардың жарқын болашағына жол ашу!
19.02.2025 күні өткен “Ертегілер еліне саяхат” қалалық байқауына қатысып, біздің балабақша II-орынға ие болды. Бұл біздің тәрбиешілер мен бүлдіршіндердің бірлескен еңбегінің жеміс!

